100

Ваш партнёр в мире ремесленной выпечки

Каталог

Сіздің сөреңізге
қажеттінің бәрі

NanMai Сіздің кез келген шараңызды гастрономиялық оқиғаға айналдырады. Талғамды снектер, фирмалық мини-десерттер мен қолөнерлік өнімдер — барлығы эстетикамен, ұқыптылықпен және мінсіз дәммен ұсынылады.
Кейтеринг
Кейтеринг
Толығырақ
Мұздатылған өнімдер мінсіз сапада дайындалады, сондықтан сіз әрдайым қонақтарыңызды ыстықтай, хош иісті тоқаштармен қуанта аласыз. Бұл — кафе, мейрамхана, қонақүй және желілік мекемелер үшін керемет шешім.
Мұздатылған
өнімдер
Мұздатылған
өнімдер
Толығырақ
NanMai фирмалық десерттері мен қолдан жасалатын өнімдер: чизкейк, бәліш, эклер, круассан, торт және тарталеткалар. Кез келген мәзірді әрлендіріп, сіздің орташа чегіңізді арттыра алады.
Десерттер
нан өнімдері
Десерттер
нан өнімдері
Толығырақ
Біз 17 түрлі қолөнер нан пісіреміз — классикалық багеттен бастап Астана наубайханаларында сирек кездесетін ерекше түрлерге дейін: бретон коронасы, қара бидайлы турт, компле. Табиғи құрам және мінсіз құрылым — нағыз дәм мен сапаны тани алатын тұтынушыларыңыз үшін.
Нандар

Нандар

Толығырақ

Бізге сенеді

Nanmai тапсырыс
берушілері

Жеткізу:
күнделікті
Партия көлемі: ең төменгі тапсырыс — 10 000 ₸ бастап

Компания туралы

Шынайы шеберліктің артында - сенімді ұжым

NanMai — жай ғана наубайхана емес, 10 жылдық тәжірибесі бар қолөнер өндірісі. Біз дәстүр мен заманауи технологияны біріктіре отырып, HoReCa кәсіби сегменті үшін нан, десерт және мұздатылған өнімдер дайындаймыз. Қазіргі таңда біз Астанада жаңа өндірістік цехты іске қосып, еліміздің түкпір-түкпіріндегі жаңа тұтынушылармен ынтымақтастық орнатуға дайынбыз.

Біздің артықшылықтарымыз

NanMai-ды неге таңдайды

Витринаңыз
бен мәзіріңіз
үшін қажеттінің бәрі бар
Қолөнер наны, дәмді десерттер мен жеңіл тағамдар.
Астанадағы
жеке цех
Өндіріс елордада орналасқан, бұл жедел логистика мен өнімнің балғындығын қамтамасыз етеді.
Сапа мен балғындықты бақылау
Біз ингредиенттерді таңдаудан бастап жеткізуге дейін барлығын қадағалаймыз, сондықтан тұтышуларыңыз тек үздік өнім алады.
Ондаған серіктестермен жұмыс тәжірибесі
Біз бизнес қажеттіліктерін жақсы түсінеміз және сіздің кестеңіз бен тапсырыс көлеміңізге бейімделеміз.

Клиенттеріміздің тәжірибесі

Бізді ұсынады

Ернар Советов
«Global Coffee» өкілі
«Біз NanМai-мен екі жылдан астам уақыттан бері серіктесіп келеміз және оларды сенімді әріптес деп нық айта аламыз. Өнімдері әрдайым эстетикасымен де, дәмімен де қуантады, қонақтар тек оң пікірлер қалдырады. Жеке өзім олардың күркетауық қосылған круассанын ерекше жақсы көремін — нағыз хит! Жеткізу әрқашан жылдам әрі дәл, менеджерлер мен колл-орталық кез келген уақытта байланыста».
Карлос Марсаль
Қазақстандағы Франция Елшілігінің Бас Аспазы
«Мен көп жылдан бері нанмен жұмыс істеймін және әдетте оны өзім пісіремін. Бірақ NanМai наубайханасында нағыз шеберлерді кездестірдім, олардың багеттері мен әсіресе ашытқымен дайындалған ауыл наны мені ерекше таңғалдырды!».
Және бізді ұсынуға
дайын тағы 68 серіктес

Өнімдер

Күнделікті 17 түрлі нан пісіреміз

Классикалық багеттерден бастап, ашытқыда дайындалған авторлық нан түрлеріне және глютенсіз нандарға дейін.
Арпа, бидай және қара бидай ұнынан, ашытқыдан дайындалған нанды біз Францияның Бретань аймағының рецептері бойынша әзірлейміз. Бұл нан жұмсақ ірімшік түрлерімен, түрлі ысталған шұжықтармен, тұзды сары маймен керемет үйлеседі.Ерекше дәмі сізге міндетті түрде ұнайды!
Бретон коронасы
Зәйтүн, құрғақ қызанақ және базилик қосылып, Прованс рецептісі бойынша дайындалатын француз наны. Жеке өзі де ләззат сыйлайды, әр түрлі тағамдардың жанында да мінсіз дәм береді.
Фугас
Бүкіл әлем мойындаған классикалық француз наны – керемет қытырлақ қабығымен және тәбетті қырлы пішінімен ерекшеленеді.
Багет
Зығыр, қарақұмық және күріш ұндарының қоспасы жүгері крахмалының тәттілігімен үйлесіп, оны әрі құнарлы, әрі жеңіл етеді. Глютенге сезімтал жандар үшін тамаша таңдау: дәмді, пайдалы және толықтай глютенсіз.
Қара глютенсіз нан
Үш түрлі ұннан жасалған ерекше нан: құрамында - бірінші сұрыпты бидай, қара бидай және сегіз дәнді ұн бар. Мұндай үйлесім багетке бай дәм, жеңіл дәнді реңктер мен айшықты хош иіс сыйлайды.
Рустик багеті
Бірінші сұрыпты бидай ұнынан, ашытқысыз, тек табиғи ашытқымен дайындалады. Жұмсақ дәм мен ерекше құрылымымен ерекшеленеді.
Ашытқысыз батон
Бидай ұны, ашытқымен және зәйтүн майы қосылып, дайындалатын итальяндық ақ нан. Қытырлақ қабығы мен ауадай жұмсақ құрылымымен танымал.
Чиабатта
Ең сүйікті дәстүрлі қалыпты нан түрлерінің бірі. Хош иісті қара бидай мен бидай ұнының қоспасынан пісірілген бөлке. Құрамында кориандр, қалампыр, даршын, имбирь және мускат жаңғағы бар.
Бородинский наны
Нәрлі және хош иісті нан. Қара бидай мен бидай ұнының қоспасынан дайындалған, қытырлақ қабық пен жұмсақ ішкі құрылымы бар.
Дән қосылған ауыл наны
Дәстүрлі француз наны. Жіңішке алтын түстес қабық пен нәзік, үлбіреген жұмсақтың үйлесімі. Әмбебап нан - таңғы асқа сары маймен де, кешкі асқа талғамды тағамдармен де тамаша келеді.
Батон
Қара бидай мен қарақұмық ұнынан дайындалады. Пайдалы, дәмді және диеталық. Клетчаткаға бай, әр тілімінде - дәм мен пайда.
Қарақұмық наны
Нағыз 100% бүтін дәнді нан. Бай құрылым, табиғи дәм, жоғары клетчатка мөлшері - дұрыс тамақтануды ұстанатындар үшін мінсіз таңдау.
Компле
Жеңіл, нәзік тәттілігі мен жұмсақ құрылымымен ерекшеленеді. Таңғы асқа мінсіз таңдау: аздап сары май мен бір тамшы құлпынай тосабын қоссаңыз, шынайы ляззатты сезесіз.
Веналық багет
Қолөнерлік нандардың патшасы. Оны дайындау шеберлікті де, төзімділікті де қажет етеді. Ұзақ суық ферментация нәтижесінде нанның жұмсағы әуе сияқты кеуекті болып, жеңіл қышқылтым дәмге ие болады; қабығы жіңішке әрі қытырлақ шығады, ал хош иісі – айрықша. Дайындау үдерісі 48 сағаттан аса уақытты алады. Нан толығымен ашытқыда жасалады, құрамында дрожжи жоқ.
Ауыл тартины
Бидай ұны мен бүтін дәнді ұнның үйлесімі қанық дәм мен нәрлі негіз қалыптастырады. Зығыр, күнбағыс, асқабақ және чиа дәндері қытырлақ рең беріп, құнды энергия мен табиғи пайда сыйлайды.
Дән қосылған тартин
Хош иісті әрі нәрлі нан, алғашқы тілімнен-ақ баурап алады. Қалың қабығымен, қою қара түсті үлпілдек ішімен және балдың жұпар иісі мен жеңіл қышқылтым дәмімен ерекшеленеді.
Қара бидайлы турт
Алғашқы қарағанда – кәдімгі классикалық француз багеті. Алайда оның қарапайымдылығының артында ерекше шеберлік жатыр. Қамырдың ұзақ ферментациясының арқасында ол қанық хош иіс пен нәзік жұмсаққа, сондай-ақ жіңішке қытырлақ қабыққа ие болады.
Багет Традисьон

Сізбен бірге өсеміз

NanMai сандармен

10
10 жылдық шеберлік
45
Күнделікті 45-ке жуық мекемені қамтимыз
80
Күнделікті 80-ге дейін өнім түрін жеткіземіз

7
Жеткізу бойынша рекорд - 7 минут
450
Күнделікті шамамен 450 адам мекемелерімізге келеді

Қонаққа келіңіз

Біздің мекемелер

Карта
Астана, Төкпанов көшесі, 20
+7 707 608 2221
Карта
Астана, Нажимеденов көшесі, 4
Highvill Ishim тұрғын үй кешені
+7 700 201 8088
Карта
Астана, Байтурсынұлы көшесі, 3
+7 777 630 2626
Карта
Астана, Қонаев көшесі, 2
+7 700 855 2025
Біз cookies файлдарын қолданамыз.
OK
Каталогты алу
Форманы толтырыңыз немесе біздің менеджерге WhatsApp арқылы жазыңыз.

Серіктестер

Нарық көшбасшылары бізге сенім артады

  • КазМунайГаз
  • Beeline (Билайн)
  • Mechta.kz
  • Tanuki
  • TotalEnergies
  • Alliance Française
  • Korizza
  • Global Coffee
  • Delish
  • The Bus
  • Tap Tatti
  • The Wine Café
  • Malena Bar
  • Baoli
  • La Maro
  • Hani brunch
  • Eva Wine Café
  • Pizza city
  • Soul Kitchen
  • На Крыше
  • Coffee Addict
  • Lilou Бар
  • The Kitchen
  • Dio Grand Cafe
  • Trattoria
  • Italio
  • Smooked Beef
  • La Mia Piazza
  • Mona
  • Damasan
  • Lagom
  • Red Berry
  • Rabbit Canteen
  • Lou Lou
  • Forest
  • Gentels bar
  • Piro
  • Наша Дача
  • Shate
  • Osteria
  • White Coffee
  • SAZAN fish
  • Shio Izakaya
  • The Chef
  • The Monkey
  • Tooman
  • Bon Dior
  • Gummy
  • Cafellini
  • Caféstar
  • 6/45 ресто-бар
  • Lion
  • Britaly
  • CupQara
  • Daily Shish
  • Caffe Morris
  • Pool&beer
  • Café de Ghouli
  • Стумари
  • Точка кафе
  • King Kross Bar
  • Selfie restaurant & bar
  • Big Apple Coffee Shop
  • Balzac coffee & flowers
  • Aisha Bibi Hotel&Spa
  • Barakat Coffee Roasters
  • Қазақстандағы Германия елшілігі
  • Қазақстандағы Франция елшілігі